{metadescription}
Сарбаздар туыстарын сағынып, әскерден қашып кеткен

Сарбаздар туыстарын сағынып, әскерден қашып кеткен

Семей гарнизоны әскери соты жұмыс орнын рұқсатсыз тастап кеткен сарбаздарға қатысты қылмыстық істі қарады.

2017 жылы 20 желтоқсанында сағат 18.50-де тәуліктік кезекшілігін тапсырған  2 мерзімді әскери қызметкер  рұқсатсыз әскери бөлімді  тастап қашып кеткен.

Осы әрекеттері үшін 29 және 19 жастағы сарбаздар үстінен ҚР ҚК-нің 441-бабының 2-тармағы бойынша  іс қозғалады.

Әскери міндетке жауапкершілік танытпағандардың  бірі Жамбыл, екіншісі Ақмола облысының тумалары.

«Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету бабы бойынша  айыпталған  К. және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар жұмыс орындарын рұқсатсыз тастап, кетіп қалған. Әскери бөлім басшылығы оларға іздеу жариялады. Сарбаздар ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты түрде сотталды»,-деді Семей гарнизоны әкери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева.

Сот отырысы кезінде олар қашып кету әрекеттерін ата-ана, бауырларын  сағынғанымен түсіндірген.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде