{metadescription}
IBF: Головкин тез арада Деревянченкомен жекпе-жекке шықсын

IBF: Головкин тез арада Деревянченкомен жекпе-жекке шықсын

IBF Головкинге ультиматум қойды.

Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өтінішіне жауап берді.

Еске сала кетсек, Леффлер IBF ұйымы қазақстандық боксшыдан әлем чемпионы атағын алып алмаса екен деген мазмұнда өтініш білдірген.
«Геннадий Головкин   Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде  IBF санкция жасамайтын  IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс.» 

«Геннадий Головкин   Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде  IBF санкция жасамайтын  IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс. 

IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады. Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF  президенті Дэрил Пиплс.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) кездесуі биылғы 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде