{metadescription}
Астанада жігітін «пішіп» тастаған келіншекке қатысты сот үкімі шықты

Астанада жігітін «пішіп» тастаған келіншекке қатысты сот үкімі шықты

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сотталушы әйелге үкім шықты.

«Сот сотталушы Н-ны ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 4-ші тармағы бойынша (кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп тауып, бес жыл бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды. ҚР ҚР 74-бабына сәйкес (жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру) жазасын өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сал кетсек, қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Кейінірек қансыраған жігітті өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды.

Кейін іс сотта қаралып, ер адамды кастрациялаған әйел 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Дерексөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде