{metadescription}
БҚО-да екі бүлдіршін қоқысқа тұншығып өлді

БҚО-да екі бүлдіршін қоқысқа тұншығып өлді

Батыс Қазақстан облысында екі баланың денесі септиктен табылған.

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні Қаратөбе ауданындағы Ұшан ауылында болған. 

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2013 және 2015 жылғы балалар ата-аналарынсыз далаға ойнауға шығып, көршінің ауласындағы қоқыс төгетін шұңқырға құлап кеткен. 

"Балалар көшеде көрінбегеннен кейін, оларды іздей бастайды. Ауыл тұрғындары екі бүлдіршіннің денесін кешкі сегіздер шамасында көрші ауладағы қоқыс төгетін шұңқырдан тапты", — деп келтірді аудан басшысының сөзін "Мой город" порталы. 

Қазіргі таңда прокуратура мен полиция тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан балалардың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін құзырлы органдар шешеді. 

Белгілі болғандай, екі бүлдіршін де тұншығып өлген. 

Әкімдіктің мәліметінше, көз жұмған ұл мен қыз ағайынды емес екен.

Қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде