{metadescription}
Президент Шымкенттегі тойларды сынға алды

Президент Шымкенттегі тойларды сынға алды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлан-асыр тойлардыңақшасын текке шашпай, тиімді шараларға жұмсауға үндеді.

«Шымкент қаншама тойхананы салып тастады. Қазір де салынып жатыр. Далада 200-500 адамға дастархан жайып тастайды да, табақты атпен әкеліп таратады. Одан да бұл ақшаны жастарға берейік, баспана алсын. Олар үшін ең үлкен сыйлық болады», -деді Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын халыққа түсінікті тілде жеткізуді тапсырды. Себебі шенеуніктер тым күрделі тілмен түсіндіріп жатады.

«Бағдарламаның тиімді тұстарын түсінікті тілде жеткізу керек. Әйтпесе, адамдар түсінбейді. Адам үш бөлмелі үйдің тек 20 процентін ғана төлейді. Осылай түсіндіру керек. Ең бастысы, ақшаны беріңдер. Баспана салынсын. Болды. Әлі есімде, бес әлеуметтік бастаманы жеке-жеке талқылағанда сан алуан сұрақтар болды. Ақша жоқ деді. Қалай жоқ? Таптық қой. Міне, енді «7-20-25» бағдарламасын бастайын деп отырмыз», -деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы мамыр айында қабылданады. Ал екінші жартыжылдықта бағдарлама талаптарына сай келетін азаматтар арзан ипотеканы ала алады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында ҚР Ұлттық банк төрағасыДанияр Ақышев Президентке «7-20-25» бағдарламасы туралы айтып берді. Мемлекет басшысы аталған бастама аясында арзан ипотеканы алдымен жас отбасыларға беруді ұсынды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат 
 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.