{metadescription}
ВИДЕО: АҚШ елшісі қазақтың ұлттық биін биледі

ВИДЕО: АҚШ елшісі қазақтың ұлттық биін биледі

АҚШ елшісі Джордж Крол қазақтың ұлттық биі - қара жорға биледі.

Дипломаттың биі елшіліктің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жарияланған.

"Би мен музыканың тілі - бір! Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіру. Бүгін Халықаралық би күні! Билеңдер, достар!", - деп жазылған видео жазбада.

Айта кетейік, Джордж Крол еліміздегі түрлі мерекеде  қазақстандықтарды қазақ тілінде құттықтайды. Ол сұхбатында видеоқұттықтаулар жазу өзінің идеясы екенін жеткізген. Соңғы рет Тәуелсіздік күнінің құрметіне ыстық лебізін білдірген болатын.

"Бұл өте қиын, себебі мен қазақ тілінде аса еркін сөйлей алмаймын", - деді Крол.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде