{metadescription}
Аида Сатыбалдинова екінші жеңісіне қол жеткізді

Аида Сатыбалдинова екінші жеңісіне қол жеткізді

«Қазақстандық GGG» Аида Сатыбалдинова кәсіби бокста жеңіске жетті.

Ол (1-0-1) кәсіби рингтегі үшінші айқасын өткізді.  Лос-Анджелестегі Westin Bonaventure Hotel-де (АҚШ) америкалық дебютант Кейлин Хансенмен қолғап түйістірді.

Төрешілер шешімімен төрт раундық айқас Сатыбалдинованың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Аиданың рекорды 2-0-0, ал оның бәсекелесі кәсіби рингтегі жолын сәтсіз бастады.

Еске сала кетсек, «Леди Спарта» алғаш рет 17 наурыз күні америкалық Лиза Портермен (1-1-2) айқасқа шығып, тең түскен еді. Одан кейінгі кездесуінде Сатыбалдинова мексикалық Анетте Пабельодан басым түсті.

Шет мемлекеттерде Аиданы күшті соққысы үшін отандасы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) теңеп, «әйелдер арасындағы GGG» деп атайды.

Дерексөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде