{metadescription}
ФОТО: Coca-Cola компаниясынан алкогольді сусындар

ФОТО: Coca-Cola компаниясынан алкогольді сусындар

Жапония – Coca Cola өнімдерін тексеруден, тестілеуден өткізетін бірегей орын. Бұл мекенде жылына 100-ге жуық азық түрлері сынақтан өтеді. Соның ішінен, әлемдік нарыққа тек ондаған түрі ғана жол тартады.

Coca-Cola дәл осы алкогольді сусындар шығару жайлы жоспарын алғаш рет 2017 жылдың наурыз айында хабарлаған.

Forbes журналының рейтингі бойынша 2018 жылдың ең қымбат брендтерінің арасындағы Coca-Cola компаниясы биыл алғаш рет алкогольді сусын шығарды. Lemon-Do деп аталатын ароматты газдалған сусын тек Жапонияда сатылымға шыққан. Бұл жайында компанияның жеке сайтында хабарланды.

Жапонияның Кюсю аралдарындағы дүкен сөрелеріне шыққан Lemon-Do өнімі 3 түрлі пайыздық алкоголь көрсеткішімен сатылып жатыр. 3%, 5% және 7%-дық деңгеймен тұтынушыларға жол тартқан сусынның ыдысы – 350 мл көлемде. Бағасы – $1.4 доллар. Компания бұл өнімді Күн шығыс елінің тек Кюсю аралдарында ғана сатылымға шығарып отыр. Ал, әлемдік нарыққа енгізуге асығыстық жоқ екенін айтты.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.