{metadescription}
ВИДЕО: Көп жылаған баланың денсаулығы мықты болады

ВИДЕО: Көп жылаған баланың денсаулығы мықты болады

Баланы зар еңіретіп жылату Жапонияда төрт ғасырға созылған дәстүр.

Токиода жыл сайын «Наки Сумо» фестивалі өткізіледі.

Оның мақсаты - кішкентай балалардың жылаған дауысын естірту.

Жапонияда ғасырлар бойы мынадай дәстүр бар екен: бала жылағанда ол жын-шайтан, бәле-жалададан аулақ болады, яғни жамандықтан аластайды.

Бұл елде кішкентай кезінде көп жылаған баланың денсаулығы мықты және өмірі сәтті болады деген наным-сенім бар.

Іс-шара Сэнсо-дзи ғибадатханасының жанында өткізіледі. Сумо күресімен айналысатындар бір жасқа толмаған сәбиді қолына алып, түрлі әрекеттер жасайды.

Қатты шошынған бала шыр-шыр етіп жылайды.

Бірден баж етіп, дауысын қатты шығарып шыңғырып жылаған бала жеңімпаз атанады.

Мұндай байқауға қатысу үшін сәбидің ата-анасы қомақты сома - 10 мың иен төлейді екен. 

Айта кету керек, байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны өте көп. Естімеген елде көп...


 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.