{metadescription}
Сапасыз май қай елден келіп жатыр

Сапасыз май қай елден келіп жатыр

«Жалған өнімнің басым бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі. Осы салада өсімдік майы бар өнімдер табиғи өнім ретінде сатылған. Мысалы, екі мың сүт және май өнімдерінің 29 проценті  сапасыз деп танылған. Негізі, аталған тауарлардың көбісі Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Франциядан келеді», - дейді Е.Біртанов.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін халық жиі тұтынатын 42 мыңнан астам тауардың түрі санитарлық-эпидемиологиялық тексерістен өтті.

Соның 10,3 проценті стандартқа сай емес болып шықты. «Тамақ өнімдерінің 34 мыңнан астам сынамасы зерттелді. 224 сынама талапқа сай келмейді.

Біріншіден, өндірушілер таңбалау ережелерін бұзады. Екіншіден, тауарлар қауіпсіздік талаптарына сай емес. Сосын өнімнің құрамына қатысты сан алуан тәртіпбұзушылықтар бар», - деп атап көрсетті Е.Біртанов. Ресми мәліметке сәйкес, тексерістердің нәтижесінде 20 тонна кондитерлік өнімдер, 11,2 тонна ет, 2,5 тонна сүт өнімдері, 1,2 тонна консервіленген жеміс-жидек және 160 партия алкогольдік өнімдер тәркіленді. Тоннадан асатын сапасыз ойыншықтар да анықталды. Ол ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде