{metadescription}
Елімізде тұңғыш рет жас ақындар мен жазушылардың кеңесі құрылды

Елімізде тұңғыш рет жас ақындар мен жазушылардың кеңесі құрылды

Ұлттық әдебиет пен ақындық өнерді қолдау және насихаттау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылды.

Жастар кеңесі - өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік орган. Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңестің негізгі міндеттері - жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру, жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу болып отыр.

Сондай-ақ, Жастар кеңесі жастардың түрлі заманауи форумдарға, конференцияларға, жиындарға қатысып, министрліктің шешімдерін талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып жұмыс жүргізеді, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын және тағы басқа да жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылап, шығармашылық қайраткерлермен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мұрындық болуымен жұмысын бастағалы отырған Жастар кеңесінің басты мақсаты - қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу. Сиясы кеппеген жаңа кітаптарды талқылау, өзге де аймақтармен байланыс жасау мақсатында әдеби бейне-көпірлер, өзге де аймақ қаламгерлерімен кездесу кештерін өткізуді жоспарлаған орта болып отыр», - деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Жас ақын-жазушылар кеңесінің құрамына Мақсат Мәлік, Мирас Мұқаш, Мирас Асан, Айбол Исламғали, Қанат Әбілқайыр, Бақытгүл Бабаш, Дархан Бейсенбек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, Қалқаман Сарин, Бейбіт Сарыбай және тағы біршама елімізге белгілі жас және орта буынның танымал ақын-жазушылары еніп отыр.


 

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде