{metadescription}
Головкин рекорд орнатты

Головкин рекорд орнатты

Бұл рекордт қазақстандық боксшы америкалық Ванес Мартиросянды жеңгеннен кейін тіркелді.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) осы салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған америкалық Бернард Хопкинстің (55-8-2, 32 КО)рекордын қайталады. 

Рекордт қазақстандық боксшы америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) жеңгеннен кейін тіркелді. Олардың кездесуін Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша Головкин орта салмақта чемпиондық белбеуін қорғау көрсеткіші бойынша әлем рекордтын қайталады. Қазір бұл екі боксшының еншісінде де чемпион ретінде 20 кездесуде жеңіс бар. 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.