{metadescription}
Ардақ Назаровтың шәкірті қарсыласын нокаутқа жіберді

Ардақ Назаровтың шәкірті қарсыласын нокаутқа жіберді

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Сырым Бектұрсын GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирде нокаутпен жеңіске жетті.

Жастар арасында панкратионнан əлем чемпионы Сырым Бектұрсын Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирінде сынға түсіп, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасқан отандасымыз тәжірибелі Вугар Мамадзадені (12-2) 3 раундта нокаутқа жіберіп, сегізбұрыштағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Сырым Бектұрсын сегізбұрышта 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Дереккөз: Qsport.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.