{metadescription}
8 мамыр күні Алматыда алғаш рет "Халық Барысы" жобасы өтеді

8 мамыр күні Алматыда алғаш рет "Халық Барысы" жобасы өтеді

Аталмыш жарысқа Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.

Қатысу үшін 7 мамыр күні "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне келіп, тіркелуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болуы керек.

Жарыс ережесі:

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

- Белдесу спортшылары балағы тобыққа дейін жететін қоңыр түсті шалбар (сым) мен көк және қызыл түсті жалпақтығы 8 см құрайтын жұмсақ иілгіш матадан жасалған арнайы белбеу тағып, кеудесін белуараға дейін жалаңаштап жалаң аяқ көк шөпте белдеседі.

- Белдесуде ауырту, тұншықтыру т.б. әдістер қолданылмайды.

- Белдесуде белбеуден жоғары жасалатын кез-келген әдістер жамбас, қырқа шалу, кеудеден асыра лақтыру т.б. қолданылады. Сонымен қатар, қарсыластар бірін-бірі жығу, лақтыру, тартып қалу, итеру, шалу, тосып алу арқылы жеңіске жетеді. Белдесуде балуандар тік тұрып белбеуден жоғары ұстау арқылы күреседі. Белбеуден төмен ұсталып жасалған әдіс нәтижесіз саналып, әдіс жасаған балуан жеңіліс табады.

Әдістер мен заңдылықтар

- «Белдесу» күресінде балуандарды күресу алаңына бірнеше жұпты топтап немесе жекелей шығаруға да рұқсат етіледі.

- Әрбір жұп балуандары күресін кілемдегі бір төреші атқарады. Кілемдегі төрешінің шешімі түпкілікті болып саналады.

- Балуандар кілемге аты-жөндері аталып дауыстап шақырылғаннан кейін өз белбеуінің түсіне қарай (қызыл немесе көк) белгіленген орынға келіп бір-біріне қарама қарсы тұрады.

- Балуандар өздерін таныстыру барысында оң қолымен кеудесін басып, көрермендерге бас иіп, тағзым етеді.

- Кілем төрешісі ортаға шығуға белгі берісімен балуандар кілем ортасына шығады. Балуандар күресті еркін түрде бастайды, белдіктен ұстап бастау міндеттелмейді. Төрешінің «Баста» деген бұйрығынан кейін балуандар күресті бастайды.

- Күресу барысында балуан қарсыласының қандай да болмасын денесінің кез-келген мүшесін жерге тигізсе, оның жеңіске жеткені болып саналады. Төреші «Тоқта» деп дауыстып күресті тоқтатып, балуандарды күреске шыққан орындарына тұрғызады. Төреші өзі ортада тұрып жеңіске жеткен балуан жаққа денесімен бұрылып, қолын алға созуы арқылы «Жеңді» деп дауыстап жеңімпазды көрсетеді, содан кейін балуандар күрес орнын босатады.

- «тоқта» пәрмені – балуанның белбеуі шешілгендігі белгілі болған жағдайда, балуан өз еркімен белгілі себептерге байланысты уақыт тоқтатуын талап еткен жағдайда, Белдесу кезінде техникалық ақаулар (табло, музыкалық аппаратура, бейне камера, жарық т.б.) орын алғанда не айқын басымдылық болған жағдайда күресіп жатқан балуандарға бағытталып, төрешінің қолы тік көкірек тұсына дейін көтеріліп алақан бағыты жоғары қараған күйі көрсетіледі және дауыстап айтылады. Ал, белдесуші спортшылар денелерінің жерге бірдей қатар тигендігі немесе құлағандығы анықталған болса төреші «тең түсті» пәрменін айтып белдесуді әрі қарай жалғастыруға рұқсат береді. Сонымен қатар, негізгі уақытта тең түскен спортшыларғада «тең түсті»пәрмені айтылып, екі балуанда «жеңілді» саналып белдесу алаңынан шығарылады.

2. Тыйым салынған әдіс, айла-тәсілдер.

- Белдесу жарыстарында тыйым салынған әдіс, айла-тәсілдерге:

- әдейі (қасақана) қарсыласты тік күйінде басымен тастау;

- қолға, аяққа ауырту және тұншықтыру әдістерін жасау;

- қол жұмсау, тістеу, тырнау, шұқу;

- қарсыластың омыртқасы, басына тізесі не шынтақпен басу;

- аяғынан ұстау арқылы жасалатын әдістер;

- белдесу кезінде сөйлеу;

- төрешілерді алдау (жарақат алғандығы);

- қандай да бір жағдайда қарсыласқа физикалық жағынан кері әсер ететін әдіс-айла қолдану;

Ескертпе: белдесу кезінде балуандардың біреуі тыйым салынған әдіс, айла-тәсілдерді қолданған кезде төрешілер байқамаған жағдайда, қарсылас көрсету арқылы білдіруге рұқсат етіледі. Алайда берілген ақпарат жалған болса, төрешілерді алдау болып саналады және тиісінше шара қолданады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау белдесулерінде спортшылар негізгі уақытта тең түскен жағдайда кестеде көрсетілгендей қосымша уақыт белдеседі. Ал, қосымша уақытта тең түскен жағдайда жеңімпазды таразыға өлшену арқылы анықтайды. Таразыда салмағы жеңіл тартқан балуан жеңіске жетеді.

Спортшыға қойылатын талаптар.

Спортшының міндеттері.

осы Ережені толықтай білуге және әрбір тармағындағы көрсетілген талаптарына бағынуға;
салмақ өлшеуге және жеребе тарту рәсіміне уақытылы келуге;
салмақ өлшеуге қажетті құжаттарын өзімен алып келуге;
алаңға шақырылғанда уақытылы шығуға;
спорттық киімін талапқа сай әрі таза ұстауға және киюге;
жарыс төрешілерін, хатшыларын, басқа да қатысушыларын және қарсыласын құрметтеуге;
жарыстың ресми бөліктері болып саналатын ашылу, жабылу және марапаттау рәсімдеріне қатысуға;
төрешілердің шешіміне бойұсынуға;
жарыс өтетін жерде не соған жақын аймақтағы басқа қатусышылармен моральдық-этикалық әдепті болуға және бейәдеп сөздер мен іс қимылдар жасамауға;

Спортшының құқығы.

жарыс дәрігерінің не команда дәрігерінің көмегіне жүгінуге;
белдесу барысында балуанның жарақат не сол сияқты өзіне белгілі себептерге байланысты уақыт тоқтату белгісін көрсету арқылы белдесуді тоқтатуға;
кез келген жағдайда жарыстан шешілуге;

Спортшының жарыстан шеттетілу себептері.

Белдесу алаңына шақырылғанда 30 секунд көлемінде спортшының шықпауы;

Өрескел қателіктер жіберген немесе өздеріне жүктелген міндетті дұрыс орындамаған жағдайда;

Алкогольдік ішімдіктерді, тыйым салынған субстанциялар немесе басқа да есірткі психотропты заттарды қолданған балуандар жарыстан шеттетіледі;

Жарыс кезінде белігілі бір команда өкілідеріне, спортшыларына, жаттықтырушыларына және төрешілерге дөрекілік көрсеткен жағдайда (шегісу, төбелес, қол жұмсау);

Балуан осы Ережемен тыйым салынған әдістерді жасаған жағдайда қарсылас ауыр жарақат алатындай не күресуге жарамай қалатын болса;

Белдесу барысында балуандар шегісуі (төбелес, қол жұмсауы) орын алған жағдайда екі балуан да жарыстан шеттетіледі;

Спортшының жарыстан өз еркімен шешілуі жарыстан шеттетілу болып саналмайды;

Дәрігерлік көмек көрсетілу кезінде балуан 2 минут ішінде үлгермеген жағдайда жарыстан шеттетіледі;

Жарыстан шеттетілеген балуанға қатысты шешімді бас төреші қабылдайды;

Жарыстан шеттетілген балуан ұпай алу мүмкіндігінен айрылады. Сонымен қатар, балуанға берілуге тиіс болған марапат түрлері (медаль, диплом, сыйлық т.б.) де берілмейді;

Жарыстан шеттетілген балуанның басқа іс шараларға қатысуы туралы шешімді төрешілер алқасы төрағасының ұсынысы арқылы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы жүзеге асарады;

Дереккөз: Қазақ күресі федерациясы

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде