{metadescription}
ВИДЕО: Әуежайда күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел айқай-шу шығарды

ВИДЕО: Әуежайда күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел айқай-шу шығарды

Колумбияның Рионегро қаласындағы әуежайда күйеуін көңілдесімен бірге ұстап алған әйел айқай-шу шығарып, төбелесуге дейін барды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ер адам нақсүйерін ертіп алып, көрші Картахена қаласына демалуға бармақ болыпты.

Тіркеуден өткелі тұрған екеудің үстінен түскен әйел нақсүйердің шашын жұлып, күйеуін жағадан алған. "Өтірікші, мен сені өлтіремін", - деп айқайлаған әйел бүкіл әуежайды басына көтеріп, жұртты өзіне қаратты.

Куәгерлер болса жұбайлардың арасына түспеуді шешіп, түгелімен дерлік болған жайтты тек сырпттан бақылап тұрған. Кейбірі қызық көріп, ұялы телефондарының камерасына түсіріп алыпты.

Видео авторы: COLOMBIA VIRAL

Дереккөз: sn.kz

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде