{metadescription}
Whatsapp мессенджерінде ыңғайлы жаңа функция пайда болды

Whatsapp мессенджерінде ыңғайлы жаңа функция пайда болды

Whatsapp мессенджерінде Instagram мен Facebook видеоларын көруге мүмкіндік беретін қосымша функция пайда болды.

Енді қолданушыларға өзге қолданушы жіберген видеоны тамашалау үшін чаттан шығып кетудің қажеті болмайды. Видео «сурет ішіндегі сурет» режимінде тікелей қосымшаның өзінде ойнатылады. Қолданушы видеоны көріп отырып бір мезгілде достарына жібере алады.

Жаңа функция iOS және Android операциялық жүйесіндегі смартфон иелері үшін қолжетімді. Функцияны қолдану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеп алу керек. Бұл жаңарту Facebook-қа тиесілі түрлі сервистер арасындағы байланысты жеңілдетуге арналған.

Осыған ұқсас мүмкіндікті  Whatsapp мессенджері You Tube видеолары үшін былтырғы жылдың қарашасында іске қосқан болатын.

Сондай ақ, мессенджердың соңғы нұсқасында топ әкімшісінің функциялары да кеңейтілген. Енді топты құрған әкімші топ мүшелерінен бекіткен әкімшінің басқару құқығын кері қайтара алады.

Сонымен қатар, топ әкімшісі топтың тақырыбын, суретін, топ сипаттамасын  өзгертетін  мүшелерді өздері таңдай алады. Бұл параметрлерді "топ  баптаулары" бөлімінен табуға болады.

Дереккөз: «Қамшы»

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.