{metadescription}
Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі Тимур Сүлейменов өмірден озды

Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі Тимур Сүлейменов өмірден озды

Алғашқы теңге дизайнының авторларының бірі Тимур Сүлейменов өмірден озды. Марқұммен қоштасу 11 мамырда  Ә. Қастеев атындағы музейде өтеді.

Бұл туралы суретшінің қызы Сәуле Сүлейменова айтты. 

"Әкемді ақтық сапарға шығарып салу шарасы 11 мамырда Ә. Қастеев атындағы музейде өтеді", -деді Сауле Сүлейменова.

Тимур Сүлейменов бүгін, таңертең 75 жасына қараған шағында меңдеген аурудан көз жұмған. Тимур Бимашұлы Сүлейменов  1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында туған. 1965 жылы - Ленинград құрылыс-инженерлік институтын, 1970 жылы  Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген.

Тимур Сүлейменов - сәулетші,  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Халықаралық өнер академиясының академигі, ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі, Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы.

Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы. Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Ясауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан.

«ҚР Республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының жетекшісі; ұлттық валюта дизайнын жасау,  жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасаумен айналысқан жұмыс топтарының жетекшісі. 

1965 жылдан - «Қазқалақұрылысжобалау»» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі,  1968 жылдан - «Алмаатагипрогор» институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжобалау» институтының жобалар бойынша бас сәулетшісі,  1982 жылдан - Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі,  1987 жылдан - «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ басшысы қызметін  атқарған.

Марқұмның артында жары, 2 баласы мен 2 немересі қалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде