{metadescription}
Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы көз жұмды

Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы көз жұмды

«Павлодар-Қызылорда» бағытындағы тас жолдың 178 шақырымында екі айлық сәбиі бар ерлі-зайыптылар жол апатынан қайтыс болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Тoyota avensis маркалы автомашинаның 59 жастағы жүргізушісі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде қарсы жолға шығып кетіп,  41 жастағы ер адам тізігендеген Daihatsu  маркалы автомашинамен соқтығысқаны анықталған.

Салдарынан Daihatsu көлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушылары 36 жастағы әйел және 2018 жылдың 18 наурызында туған бала алған жарақаттардан қайтыс болды, - деді департаментте.  

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама мен күдіктіге қатысты  «қамауға алу» бұлтартпау шарасы тағайындалған.  Автокөлік алынып,   айыппұл тұрағына қойылды.  

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Фото: Облыстық ІІД
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде