{metadescription}
Астанада 9 жасар бала жоғалып кетті

Астанада 9 жасар бала жоғалып кетті

Тоғыз жасар Мейіржан спорт кешені ғимаратынан шыққан соң, із-түзсіз жоғалып кеткен, ата-анасы полицияға арыз берді.

Мейіржанның анасының сөзіне сүйенсек, баласы таңертең "Алатау" спорт кешеніне жүзу жаттығуына кетіпті.

"Әдетте әкесі апарып, алып кететін, бүгін сәл ертерек шығып кетіпті, бәлкім, жаттықтырушысымен ренжіскен болар немесе бірнеше минутқа ерте шыққан болуы керек. Полицияға арыз бердік", — деп хабарлады баланың анасы.

Тоғыз жастағы Мейіржан 12:10-де спорт кешенінен шыққан екен.

"Үстіне мектеп формасын, сыртынан көк жеңсіз күрте киген. Басында Real Madrid деп жазылған көк бейсболка, арқасында көк жолдорбасы бар", — дейді әйел.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде