{metadescription}
ҚҚазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 6 алтын алды

ҚҚазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 6 алтын алды

Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында отандастарымыз 6 алтын медаль жеңіп алды.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады.

Жарыстың соңғы күні жүлде алған отандастарымыз:

Алтын - Сәдуақас Бекарыс (90 кг)

Алтын - Мұхамбет Зұлхарнаев (+90 кг)

Алтын - Кристина Сотникова (63 кг)

Алтын - Маргарита Гриценко (70 кг)

Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)

Күміс - Мадина Парагульгова (+70 кг)

Күміс - Аян Байғазы (81 кг)

Қола - Шырын Қадірсіз (57 кг)    

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.