{metadescription}
Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан жігіт 2 млн теңге төлейтін болды

Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан жігіт 2 млн теңге төлейтін болды

Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан жігіт «Астана» футбол клубына 2 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейді. 

Астана қаласының Алматы аудандық соты осындай шешім қабылдады. Төрешінің үкімі бойынша, «футбол бұзақысы» осы әрекеті үшін клубқа 1 968 150 теңге төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 2017 жылы 23 қазанда Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен испаниялық «Вильярреал» матчында Шамсулло Файзиев есімді жігіт бұзақылық ниетпен алаңға жүгіріп шығып, Патрик Твумасиді құшақтаған.

Сол үшін УЕФА «Астанаға» 5 мың еуро айыппұл салған еді. Кейін астаналық клуб осы ақшаны өндіріп алу үшін Файзиевтің үстінен арыз жазған болатын.

Елордалық клубтың баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, егер еурокубоктарда немесе ел біріншілігінде осындай оқиға қайталанса, «Астанаға» салынатын айыппұл көлемі көбеймек.

Сондықтан, астаналық команда осындай оқиға қайталанса, айыппұл сомасын қайтарып алу үшін, «бұзақылардың» үстінен тағы да сотқа арыз жазады.

Дереккөз: Prosports.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде