{metadescription}
Бір жарым жасар сәби кір жуғыш машинадағы суға батып қаза тапты

Бір жарым жасар сәби кір жуғыш машинадағы суға батып қаза тапты

Анасы сәбиін кір жуғыш машина тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған.

Якутияның Сунтар ауылында кішкентай қыз кір жуғыш машинадағы суға батып көз жұмды. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр. 

"11 мамыр күні тергеу органдарына Сунтар ауылында "Фея" маркалы кір жуғыш машинадағы суға бір жарым жасар қыздың батып кеткені туралы хабарлама түсті", — делінген өңірлік тергеу комитетінің ақпаратында. 

Тергеу мәліметінше, сол күні кешке сәбидің анасы кір жуып жатып, сыртқа шығып кеткен. Бір жарым жасар қызы тұрмыстық техника тұрған бөлмеде жалғыз қалыпты. Біраз уақыттан кейін бөлмеге қайтып оралған әйел машинаның суға толы багынан сәбиінің жансыз денесін көреді. 

Қазір тексеріс аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде