{metadescription}
Шымкенттегі жоғары оқу орнында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

Шымкенттегі жоғары оқу орнында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде зертханашы келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді.

11 мамыр күні университетте зертханашы болып жұмыс істейтін келіншегіне келген күйеуі екеуінің арасында жанжал туған. Ақыры күйеуі әйелін бірнеше жерінен пышақтаған.

Бір соққысы дәл жүрегіне тиген келіншекті жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, ол қайтыс болды.

Полиция қылмысты ашумен айналысуда. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.

ҚК  «Адам өлтіру»  бабымен іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде