{metadescription}
Есік қаласындағы атыста полиция қызметкері көз жұмды

Есік қаласындағы атыста полиция қызметкері көз жұмды

Алматы облысындағы Есік қаласында атыс болып, полиция қызметкері көз жұмды.

«8 мамыр күні оқ тиген екі адам Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына түсті. Біреуі Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкері. 31 жастағы азамат мамырдың 11 күні қайтыс болды. Екінші адам ауруханада жатыр. 1985 жылғы науқастың жағдайы қалыпты», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қанды оқиға жайлы әзірге облыстық ІІД-і пікір білдірмеді.

Бірақ бейресми мәліметке қарағанда, 1986 және 1989 жылғы азаматтар арасында кикілжің туып, арты атысқа ұласқан.

Оқ аңшы мылтығынан атылды деген бейресми мәлімет те бар.

Дереккөз:ҚазАқпарат



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.