{metadescription}
ВИДЕО: Үкімет басшысы "Евровидение" жеңімпазына құрмет көрсетті

ВИДЕО: Үкімет басшысы "Евровидение" жеңімпазына құрмет көрсетті

Израильдық Нетта Барзилай Лиссабонда өткен "Евровидение-2018" байқауында жеңіске жетті.

Ол Toy ("Ойыншық") әнін шырқаған болатын.

Отандастары Неттаның жеңісі мен жетістігін думандатып тойлап жатыр. Тель-Авив көшесіне шыққан мыңдаған адам отандастарының жеңісіне шаттануда.

 

25 жастағы Неттаға "Ойыншық" әні жеңіс сыйлады. Букмекерлердің болжамынша, Барзилай байқаудың сүйікті әншісі болатын.

Әділқазылар алқасының дауыс беру нәітижесінде оған 3-ші орын белгіленген, бірақ көрермендердің жылы ілтипаты басым дауысты алып берді.

Хрустальдан жасалған микрофон сыйлығын алып болған соң баспасөз-мәслихатында ол байқаудың нәтижесін күту ең үлкен сынақ болғанын айтты.

Израильдық қызға жеңіс сыйлаған әннің аты экранда үлкен етіп көрсетілген түрлі-түсті кескінде алаңдағы әкімшілік ғимаратында пайда болды. Ал алаң бұрынғы Израиль премьері, марқұм Ицхак Рабиннің атында. 

Қазіргі үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху Нетта Барзилайға шексіз құрмет танытып, оны Израильдің мақтанышы екенін жеткізді. Сөзінің соңында ежелгі еврей дұғасының сөзін келтірді: "Келер жылы - Иерусалимда".

Байқаудың ережесі бойынша, ол келесі жылы жеңімпаздың отанында өткізіледі. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде