{metadescription}
Университетте әйелін өлтірген күдікті бұрынғы прокурор көмекшісі болып шықты

Университетте әйелін өлтірген күдікті бұрынғы прокурор көмекшісі болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік университетте әйелін өлтірген күдікті бұрынғы прокурор көмекшісі болып шықты. Бұл туралы әл-Фараби аудандық сотында өткен брифингте судья Ғани Байарыстан мәлім етті

Әл-Фараби аудандық соты 13 мамыр күні 2 айға уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы санкция берген.

«Күдікті  Қанат Исаұлы 11 мамыр күні кешкі сағат 17.30-дар шамасында заңды некеде тұрған әйелімен сөйлеспекші болып, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетіне барған. Оқу орнының дәлізіндегі тепшекте тұрған екеуінің арасында  жанжал туындап, нәтижесінде ол ашуға булығып,  өзімен бірге алып келген асхана  пышағымен  көкірек тұсына бес рет жарақат салған. Жарақат салдарынан азаматша қайтыс болған. Содан кейін ол оқиға орнына кетіп қалған. Жанжалдасуға отбасылық жағдай себеп болғанға ұқсайды. Өйткені соңғы уақытта олар жиі бөлек тұрған. Сол күні әйелінің туған күні болғандықтан, ол құттықтап барған. Оның келгенін әйелі жақтырмай, екеуі ұрсысып қалған. Соған ашуланып, осындай әрекетке барған», - дейді судья Ғани Байарыстан.

Судьяның сөзінше, күдікті 1977 жылы туған. Ал, екінші әйелі өзінен 10 жас кіші болған. Сезікті қазір еш жерде жұмыс істемейді. Бірақ бұған дейін қадағалау органында біраз жыл бойы жұмыс істеген.

«Ол Шымкент қаласындағы бір прокуратура прокурорының көмекшісі болған деген мәлімет бар. Ал, әйелі сол университетте жұмыс істеген. Тиісті құжаттарды қарау барысында сезікті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұл бап бойынша жасалған қылмыс өте ауыр санатқа жатқызылып, ол бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді судья Ғ. Байарыстан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде күйеуі әйелін пышақтап өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз. Алған ауыр жарақаты салдарынан 31 жастағы келіншек ауруханада көз жұмған еді.

Дереккөз:ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.