Биік қабаттан секіріп кеткен жасөспірімдердің өлер алдындағы хаты жарияланды
ФОТО: Биіктен секірген жасөспірімдердің өлер алдындағы хаты жарияланды

ФОТО: Биіктен секірген жасөспірімдердің өлер алдындағы хаты жарияланды

Кәмелетке толмаған қос ғашық өмірден кетуді алдын ала жоспарлаған сияқты.

Мәскеудің Кунцево ауданында қос жасөспірімнің өлі денесі табылған болатын. Құрылыс қамытымен байланған ғашықтар 14-ші қабаттан секіріп, тілге келмей көз жұмды.

Тергеушілер 16 жастағы Коля мен 17 жастағы Сашаның өлер алдындағы хатын тапты, - деп жазады «Следком».

Бір жазбада олар "Бізді бірге жерлеңдер" десе, келесі хатта  - бұл жағдайға ешкімнің қатысы жоқ екенін білдірген.

Айта кетсек, қайғылы оқиғадан бір ай бұрын жасөспірімнің әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден кететінін тұспалдап жазған өлеңі жарияланған.

Бұл оқиғадан соң Ресейдің тергеу комитеті "Өзін-өзі өлтіруге жеткізген" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды life shot.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...