{metadescription}
Әділ үкім шығаруға кедергі келтіретін 5 себеп

Әділ үкім шығаруға кедергі келтіретін 5 себеп

Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин сот төрелігіне кедергі келтіретін бес негізгі мәселені атап көрсетті.

"2018 жылдың алғашқы 4 айында Жоғарғы сот кінәсіздігі дәлелденген 7 адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Яғни, адамды негізсіз қылмыстық тергеуге алу фактілері әлі кездеседі, салдарынан адам ұзақ уақыт бойы сотталушы статусында жүреді. Мұның бірқатар себептері бар. Біріншіден, заңнамаға сәйкес, прокурор судьяға қылмыстық істі жібереді. Судья сотталушыны айыпты деп қабылдайды. Қорғаушы тарап та өз ұсынымдарын беруі қажет деп есептейміз. Мәселен, Эстонияда прокурор сотқа қылмыстық іссіз айыптау актісін жіберсе, қорғаушы - қорғау актісін жібереді. Осылайша, соттың істі қарау барысында екі тарапқа бірдей мүмкіндік беріледі. Бұл тәжірибені бізге де, әзірге жеңіл және орташа қылмыстарға енгізу қажет", - деді Абай Рахметуллин. 

"Тергеу судьясы - қылмыстық істің тану және тергеу сатысында заңбұзушылықтарға жол бермеуі тиіс жауапты тұлға. Бүгінде тергеу судьяларының құзіреті кеңейтілді, мәселен, олар танушының, тергеушінің немесе прокурордың әрекетіне түскен шағымдарды қарай алады. Аталған заңбұзушылықтар сотқа дейінгі өндірісте анықталып, заңсыз деп танылуы тиіс", - дейді А. Рахметуллин.

Үшіншіден, өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары көзделген аса ауыр қылмыс істері алқабилер сотының қатысуымен қаралуы тиіс. "2015 жылдың 31 қазанындағы заң бойынша алқабилер сотының отырысы тағы төрт ауыр қылмыспен толықты, олар: адам ұрлау, адам саудасы, кәмелет жасқа толмағандарды қылмыстық құқықбүзушылыққа итермелеу және ауыр мән-жайда кәмелет жасқа толмағандарды саудалау. Айыптау мен қорғау тараптарының сайыскерлігін арттырып, заңдық тәртіппен қамтамасыз ету үшін алқабилер институтын дамыту керек", - деп түсіндірлді Жоғары сот өкілі.

Төртіншіден, істі қарау барысында судьяның прокурорлармен немесе сотқа дейінгі өндіріс органдарының қызметкерлерімен процестен тыс байланысуына жол бермеу қажет. А. Рахметуллиннің айтуынша, күдіктіні қамауда қалдырып, айыптау үкіміне қол жеткізу үшін кей қызметкерлер істі қарау барысында судьяға барынша ықпал етуге тырысады. Өз айыптауларын негіздеп, күдіктіні жағымсыз кейіпте сипаттайды. Бұған жол беруге болмайды.

Бесіншіден, қоғамдық пікірді әдейі өзгерту әрекеттері дұрыс үкім шығаруға кедергісін келтіретін көрінеді. "Бұқаралық ақпарат құралдары қандай да бір оқиға туралы негізсіз ақпаратқа сүйеніп, дүрбелең туғызады. Сол себепті қоғам оқиғаның байыбына жетпей, істі әділ қарамады деп, сотты кінәлайды", - дейді А. Рахметуллин.

Дереккөз:ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде