{metadescription}
ВИДЕО: Оралда жатақхана лифтінен өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

ВИДЕО: Оралда жатақхана лифтінен өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

Ғимараттан 50 адам эвакуацияланды, олардың 15-і балалар; үш әйелге медициналық жәрдем көрсетілді.

Оралда сейсенбі күні кешке тоғыз қабатты жатақхананың лифтінен өрт шықты.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт туралы хабар 17:33-те түскен. Оқиға орнына үш техника мен он өрт сөндіруші аттандырылды.

Өрт сөндірушілер келгенде барлық қабат қалың түтінге оранған, сол себепті құтқарушылар подъездегі терезені қиратуға мәжбүр болды, деп жазады "Мой город".

"Лифт шахтасында 15 шаршы метр жерде қоқыс өртенген. Өрт 18:02-де ауыздықталып, 18:39-да толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бес адам құтқарылды, олардың төртеуі балалар, елу адам эвакуацияланды, олардың 15-і балалар. Өрттің бастапқы себебі – отты абайсыз пайдалану", — деп мәлімет берді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, үш әйелге жәрдем көрсетілген, екеуі ауруханаға жеткізіліпті.

Дереккөз: Sputnik

Видео авторы: портал Мой ГОРОД

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде