{metadescription}
ВИДЕО: Фанаттар Спортинг футболшыларын ұрып кетті

ВИДЕО: Фанаттар Спортинг футболшыларын ұрып кетті

Еуропа чемпионатының 1/16 финалында "Спортинг" қазақстандық "Астана" командасымен ойнап, 3:1, 3:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Шамамен 50 шақты лиссабондық "Спортинг" фанаттары бетперде тағып, капюшон киіп клубтың баззасына баса көктеп кіріп, футболшылар мен бапкерлер штабының өкілдерін ұрып-соққан, - деп хабарлайды A Bola мен O Jogo.

Дереккөз мәліметінше, футболшылар мен бапкерлер шешіну бөлмесінде болған кезде фанаттар баса көктеп кіріп келген. Олар "Спортинг" бас бапкері Жорже Жезушты балағаттап, Руй Патрисиу, Виллиам Карвалью, Бас Дост, Родриго Батталью мен Йосип Мишичті соққының астына алған. Шабуыл нәтижесінде Досттың басы жарылды. 

Фанаттардың мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. "Спортинг" үшінші орын алып, Чемпиондар лигасына өте алмады. 20 мамырда олар Ұлттық кубоктың финалында өнер көрсетеді. 

Еске салайық, Еуропа чемпионатының 1/16 финалында "Спортинг" қазақстандық "Астана" командасымен ойнап, 3:1, 3:3 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Видео авторы: Trending Watchers

Дереккөз: vesti.kz

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде