{metadescription}
Shazam қосымшасы қазақша әндерді тауып беретін болды

Shazam қосымшасы қазақша әндерді тауып беретін болды

Музыканы тыңдау арқылы танитын Shazam қосымшасының негізін қалаушы Крис Бартон қазақстандық әндерді тану тізіміне қосуға дайын.

«Shazam әлемдегі жапон, корей, қытай, үнді музыкасын тануға баса назар аударады.

Сондай-ақ, біз қазақстандық музыканы да  бағдарламамызға қосуға қуана келісеміз», - деді АЭФ аясында журналистердің қазақ әндерін қосымшаға қосу туралы сұрағына жауап берген Крис Бартон.

Shazam - 100 миллионнан астам музыканы анықтауға және әндерді іздеуге қолайлы ең танымал қосымшалардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік кеше Астанада Global Challenges Summit 2018 форумы басталған болатын.

Дереккөз: Qamshy.kz

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде