{metadescription}
ВИДЕО: 100 -ден аса жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

ВИДЕО: 100 -ден аса жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Бұл ұшақ Кубаның Cubana de Aviacion компаниясына тиесілі.

Boeing-737 ұшағы Хосе Марти атындағы Гавана халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшырады.

Ұшақтың бортында 105 адам болған. Кейбір деректерде 107адам.

Ұшақ Кубаның Ольгин қаласына рейске аттанған. Алайда, әуежайдан көп ұзамай ол апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта Хосе Марти атындағы әуежайдың үстінде қою қара түтін.

Әуежай маңы қоршалған. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жасауда. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Құрбан болғандардың саны да әлі анықталмаған.

Видео авторы: Wochit News

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.