{metadescription}
ВИДЕО: 17 жастағы оқушы мектепте атыс ұйымдастырып, 10 адам қаза тапты

ВИДЕО: 17 жастағы оқушы мектепте атыс ұйымдастырып, 10 адам қаза тапты

Америкадағы Санта-Фе (Техас штаты) қаласында жартылай автоматты винтовка, бытыралы мылтық және тапанша ұстаған 17 жастағы жігіт өзі оқыған орта мектепте атыс ұйымдастырды.

Оқиға 18 мамырда, таңертең болды.

Ол адамдарды жаппай қырып, салдарынан он адам көз жұмды - олардың тоғызы сегіз бен он жас аралығындағы оқушылар және біреуі мұғалім. Тағы да оншақты адам жарақат алды.

Жігіт спорттық үлкен сөмкені асынып, сыныпқа кірген, ол қаруды шығарып, оқ жаудыра бастаған. Куәгерлердің айтуынша, оның футболкасында "Өлтіру үшін туылған" деген жазу болыпты. Ол оқ жаудырмай тұрып, "Тосын сый" деп айқайлаған.

Қылмыскердің аты-жөні анықталды Димитриос Пагуртзис. Оның көлігінен жарылғыш заттар мен "Молотов коктейльдері" табылды.

Полициядағы өтініште күдіктінің түрмеде екені айтылған. Ол ауыр қылмысы үшін айыпталып, қамалды және кепілдікпен шыға алмайды. Техаста қаралы күн жарияланды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде