{metadescription}
Ертіске 23 тонна бактицид төгілді

Ертіске 23 тонна бактицид төгілді

Биыл Павлодар облысында масаға қарсы алғашқы ауқымды науқан басталды.

Ақсуда баржадан Ертіске 23 тонна биологиялық бактицид препараты ағызылды. Өңдеу жұмыстарының нәтижесін мамандар 48-72 сағаттан кейін көре алады.

Өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының маманы Ерлан Тұргелдиновтың айтуынша, күннің суық болғанына байланысты қансорғыштар көрінбегенмен, қазір жәндіктердің дернәсілдері үшінші сатыға дейін дамыған шақ.

Бұл болашақ шыбын-шіркейдің ауызы қалыптасты деген сөз.

«Павлодар облысында масаға қарсы 199,6 мың тонна «Бактицид» препараты сатып алынған. Бұл мақсатта бюджеттен 498,6 миллион теңге бөлінген. Ғылыми топтың болжамына сүйенсек, қансорғыштардың аталған түрін улау үшін қазір ең қолайлы кезең. Ауа райының қолайсыздығы мен көктемнің ұзаққа созылуынан масалар дамуын тоқтатып қалса, енді бірде күрт дами бастайды. Оған қоса, мамыр айы салқын болып тұрғаны белгілі. Сондықтан препарат тиімді нәтиже беретін сәтті пайдалану керек.

Препарат дернәсілдердің ішек жолдарына түседі, нәтижесінде жәндіктер өліп қалады. «Бактицид» флора мен фаунаға ешбір зиян тигізбейтінін атап өткен жөн. Адам денсаулығына да қауіпсіз», - дейді Ерлан Тұргелдинов.  Павлодар облысында Ресей шекарасынан ШҚО-ға дейін ұзындығы 800 шақырым өзен бойын өңдеу жоспарланған. Өңдеу шараларын «Барракуда-Павлодар» ЖШС ғылыми тобының және қоғамдық кеңес, журналистер мен депутаттардың бақылауымен «ВЕТДЕЗ-ПВ» мердігерлік ұйымы өткізеді. Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Андрей Гороховтың сөзінше, баржаға жиналған халық қалаулылары биологиялық улағыш зат бар ыдыстарды тексеріп, канистрлардың барлығы зауыттан шыққан пломбамен бекітілгенін және сақтау мерзімі бұзылмағанын бақылаған. 
«Биыл жазда халық өзін жайлы сезінеді деген үміттеміз, - дейді Андрей Горохов. - Кезінде тұрғындар шыбын-шіркейдің салдарынан балаларды алаңдарға жіберуге қорқатын».

Еске сала кетейік, Ақсу мен Кенжекөлде Ертіс жайылымын әуеден өңдеу 17 мамырда басталған. Осы күндер аралығында 4,2 гектар өңделген. Дегенмен баржадан мұндай көлемде дернәсілдерге қарсы препарат бірінші рет құйылуда. 

Дереккөз: pavlodarnews.kz



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.