{metadescription}
ВИДЕО: Эверест шыңын 22 рет бағындырып, рекорд орнатты!

ВИДЕО: Эверест шыңын 22 рет бағындырып, рекорд орнатты!

48 жастағы непалдық Ками Рита Эверест шыңын бағындырудан рекорд орнатты.

Өткен сәрсенбіде ол әлемдегі ең биік шыңға 22-ші рет шықты.

Жексенбі күні ол Катмандуға оралып, отбасымен және шығыстықтар қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Камидің оралу құрметіне орай жиналғандар ән шырқап, би билеп ерекше салтанатты жиын өткізді.

Мерекеге қатысқандар непалдыққа дәстүрлі мойынорағыш пен басқа да сый-сияпаттарын тарту етті.

Ками басқа да 13 альпиниспен бірге биіктігі 8 мың 850 метрді құрайтын Эверест шыңына осымен 22-ші рет шығып отыр.

Бұл туралы Непалдың туризм министрлігі хабарлады.

Шығыстықтар, яғни шерпілер тауларды бүге-шігесіне дейін біледі және төзімділігімен ерекше халық.

Олар Гималайдың ең биік шыңдарына шыққысы келетін шетелдік альпинистерге гүид ретінде жол көрсетіп отырады.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.