{metadescription}
ФОТО: Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды

ФОТО: Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды

Мысық терісінен жасалған көкірекшелер Қытай базарында небәрі 25 фунт стерлингке сатылып жатыр.

Сондай-ақ, аталған сауда орнынан жойылуға шақ қалған ақбөкеннің мүйізі және тағы да басқа сирек кездесетін жануарлардың терісінен жасалған киімдер табылды.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Пекиннен шамамен 5 сағаттық жерде орналасқан Хоххот аймағында басқа жерлермен салыстырғанда үй жануарлары аз. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар оларды табыс көзіне айналдырған. Базардан көгершін терісінен жасалған киімдерді де табуға болады. Сондай-ақ, киімдерге қарасаңыз, тасбақа мен мысық тектес өзге жануарларды көргендей боласыз.

Жаңа пәлтенің сыртында: “Нағыз мысықтың терісінен жасалған, сатып алмайтын болсаңыз, тиіспеңіз”, – деп жазылған.

Биыл Пекинде піл сүйегін қолдануға заң жүзінде тыйым салынған болатын. Алайда саудагерлер оны табыс көзіне айналдыруды доғарар емес.

Сондай-ақ, Қытайда сан мыңдаған иттер өлтіріліп, олардың да терісі киім жасауда қолданылады екен. Олардың терісінен қолғап жасалып, арнайы Еуропа мен АҚШ-қа жөнелтілетін көрінеді.

Жануарларды қорғау ұйымы мына суретті көрген жандарға ескертеді: мысықтың не иттің терісінен жасалған киімді киіп жүрмін деген күдікпен өмір сүргіңіз келмесе, мұндай киімдерді дүкен сөресінде қалдырғаныңыз жөн.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.