{metadescription}
ФОТО: Астанада дауыл соғып, ірі бұршақ жауды

ФОТО: Астанада дауыл соғып, ірі бұршақ жауды

Астанада бүгін, яғни 22 мамырда түске таман қатты дауыл тұрып, бұршақ жауды.

Салдарынан қоршаулар қирап, Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты аздап зақымданды.

Аспаннан жауған бұршақтың ірілігі торғайдың жұмыртқасындай көлемде.

Айта кетсек, Қазгидромет елдің басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен болатын.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Ал Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде