{metadescription}
Астанадағы дауылда қанша ғимарат зақымданды?

Астанадағы дауылда қанша ғимарат зақымданды?

Бүгін, 22 мамырда Астанада болған қатты дауыл мен бұршақты нөсердің салдарынан бірқатар ғимараттарға зақым келді. 

ҚР ІІМ ТЖК-інің хабарлауынша, Ұлттық музейінің қасбетіндегі тақталар құлаған, жеке үйдің және Мичурин кентіндегі №3 мектептің шатырына зақым келген. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы ақпарат 112 қызметіне түспепті. 

Айта кетейік, бүгін түске таман қатты дауыл тұрып, бұршақ жауды.

Түркістан көшелерінің қиылысында кран құлап, тұрғындар «пирамида» атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері сынды. «Думан» қонақ үйінің холындағы витражды терезелер шағылды. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қаптамалары, соның ішінде кірпіштер көкке ұшты. Жол жиегіндегі бетонды діңгектер құлады. Салдарынан қаланың әр ауданындағы тұрақтарда көптеген автокөлікке зақым келді. Қазір табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен адамдардың бар-жоғы анықталуда. 

Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен:

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі, - делінген Қазгидромет хабарламасында. Ал Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.