{metadescription}
Елімізде мүгедектікті проактивті тәсілмен сырттай куәландыратын болды

Елімізде мүгедектікті проактивті тәсілмен сырттай куәландыратын болды

Енді мүгедектікті проактивті тәсілмен сырттай куәландыруге болады.

Мәдина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Мүгедек адамдар үшін қызмет сапасын арттыруды көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта мүгедектікті белгілеу үшін азамат емханадан тексеруден өтеді. Кезек тәртібімен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жүгінеді. Арнайы комиссияда құжаттар зерделеніп болған соң қызмет алушыға медициналық тексеріп қарау жүргізіледі. Медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерін алғаннан кейін ғана қызмет алушы жәрдемақыны және оңалту іс-шараларын тағайындау үшін мемлекеттік органдарға жүгінеді. 

- Біріншіден, қызмет алушыны проактивті тәсілмен сырттай куәландыру енгізіледі. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін деректер негізінде мүгедектік туралы шешімді өтініш берушінің тұрғылықты жеріне қарамастан бірнеше тәуелсіз сарапшы қашықтан қабылдайтын болады.

- Екіншіден, мүгедек адамдарға кепілді мемлекеттік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер өтініш берместен тағайындалады. Қызмет алушыға сараптама нәтижесі және әзірленген оңалту іс-шаралары туралы смс-хабарлама жіберіледі. Қызмет алушының өзінен мәлімет, мысалы банк шотының нөмірі осы форматта жүргізіледі.


 

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде