{metadescription}
ФОТО: Суға дәрет сындырмақ болып тұншығып өлді

ФОТО: Суға дәрет сындырмақ болып тұншығып өлді

21 жастағы британдық турист Дэниэль Сирелл Амстердам қаласында түн ауа мейрамханадан шығып, каналдардың бірінде дәрет сындырмақ болды.

Амстердамда канал өте көп. Аздап ұрттап алған жігіт тепе-теңдікті сақтай алмай суға құлап кетті.

Оны сыртынан көрген бейтаныс адам құтқармақ болып суға секірді. Бірақ британдықты жағаға жеткізе алмады.

Жедел жеткен құтқару қызметі жігітті судан алып шығып, жергілікті госпитальға әкелді.  Бірақ ауруханаға жеткенше жас жігіт өліп кетті.

Оның  ғашығы Сэм Хопкинс өзінің Фейсбук парақшасына "Дэниельмен бірге өткізген аз күндерім  - өмірімдегі ең бақытты күндерім. Сен өмірімді өзгерттің, бұған сену қиын" деген жүрекжарды сөздерін жазды. 

Дэниель талантты футболшы. Футбол клубының хатшысы Кевин Гибсон газетке көңіл айтып жазған некрологында Дэниельді өмірде кездестірген жалғыз тартымды адам деп жазды.

Достары мәйітті отанына жеткізу үшін қаражат жинауда, оған £15,000 қажет.





 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде