{metadescription}
ВИДЕО: Британия патшайымының ұнататын ресми шарасы қандай?

ВИДЕО: Британия патшайымының ұнататын ресми шарасы қандай?

Елизавета II немересі Гарридің үйлену тойынан екі күн өткен соң іле-шала ресми шараға қатысты.

Британия патшайымы Челсиде жыл сайын бау-бақша қоғамдастығы ұйымдастыратын гүл көрмесіне келді.

Ұлы мәртебелі пайтшайымды қоғамдастықтың президенті қарсы алды. Көрмеге келу - 1913 жылдан бері Виндзор үйі мүшелері мен отағасының міндетті рәсімі. Оны кезінде Александра патшайым бастаған болатын.

Елизавета II таққа отырған 1953-ші жылдан бері аталмыш шараға екі рет қана келе алмаған. Ол бұл жолы бау-бақшамен айналысатын Peter Beales фирмасының экспозицияларын үлкен ғанибетпен тамашалады. 

Британдық баспасөз жазғандай, патшайымның үстіне киген киімі де раушан гүлінің түсіне сайма-сай болды. Айналасындағы гүлдердей құлпырып, жайдарлы көңіл күйде болған патшайым өзгелерге жадыраңқы әсер берді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.