{metadescription}
ФОТО: Мұрнына тіс өскен бойжеткен

ФОТО: Мұрнына тіс өскен бойжеткен

Тюмень облысында өте сирек кездесетін ота жасалынды.

Ресейдің Ишим қаласында гайморитке ем қабылдап жүрген қыздың мұрнында тіс өсіп кеткен.

Дәрігер науқасқа мұрнында тіс өскенін айтқанда ол бірден сене қоймаған. Ал рентген суретін көргенде күліп жіберген.

Тістердің өз орнынан басқа жерде өсу құбылысы - медицинада эктопия деп аталады. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Соңғы 5 жылда екінші оқиға болып тұр.

Мұрындағы тісті жұлып тастау үшін дәрігерлер науқасқа наркоз салған. Отаны оториноларинголог Александр Хартунг пен стоматолог-дәрігер Роман Болдырев жасаған.

Осыдан кейін бойжеткен мұрнының бітелгені кетіп, жеңіл сезініп қалғанын айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.