Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай және желдің дауылды күшеюі күтіледі.
09:34 24.05.2018
Қазақстанның солтүстік облыстарында кеше ғана жауын-шашын туындатқан, суық арктикалық фронттар, шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
Қалған аймақтың ауа-райына Поволжьядан келетін антициклон ықпал етеді. Оның ықпалы қысқа мерзімді болады, себебі Баренцев теңізінің үстінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, ол 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды.
Осыған байланысты тек оңтүстікте және 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында басымырақ жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Қазақстанның қалған аумағына жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің дауылды күшеюі күтіледі.
24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды. Оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қ. 24 мамырда оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтілуде. Күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.
24 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Астана қ: 24 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз 24-ші мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.
Дереккөз: «ҚАЗГИДРОМЕТ»
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram