{metadescription}
Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай және желдің дауылды күшеюі күтіледі.

Қазақстанның солтүстік облыстарында кеше ғана жауын-шашын туындатқан, суық арктикалық фронттар, шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа  температурасы төмендейді.  

Қалған аймақтың ауа-райына Поволжьядан келетін антициклон ықпал етеді. Оның ықпалы қысқа мерзімді болады, себебі Баренцев теңізінің үстінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, ол 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды.

Осыған байланысты тек оңтүстікте және 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында басымырақ жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Қазақстанның қалған аумағына жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің дауылды күшеюі күтіледі.  

24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды. Оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20  м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қ. 24 мамырда  оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтілуде. Күндіз  найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

24 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Астана қ: 24 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 24-ші мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.

Дереккөз: «ҚАЗГИДРОМЕТ»

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде