{metadescription}
Лениннен Абайға айналған мүсінге қатысты ресми ақпарат берілді

Лениннен Абайға айналған мүсінге қатысты ресми ақпарат берілді

Степногорск қаласының әкімдігі большевиктердің көсемі «Лениннің мүсіні Абайға айналып кеткен» деген ақпаратты жоққа шығарды.  

«1977 жылы 31 тамызда Степногорскіде №6 орта мектеп ашылған еді. ҚазКСР халықтық білім министрлігінің шешімімен мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Оның ғимараты екі корпустан тұрып, 2 мың оқушыға шақталды. Екі жылдан соң, 1979 жылы Алматыда біздің сәулетшілердің тапсырысымен данышпан ақынға арналған бюст құйылды. 1979 жылдың қазан айында бюст Степногорскіге жеткізіліп, сәулетшілердің ұйғарымымен ол №6 мектептің алдына орнатылды», — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, осының алдында ғаламторда бейнеролик тараған болатын. Онда автор, Степногорскідегі №5 мектептің алдында тұрған Абайдың ескерткіші негізінен Ленинге тиесілі екенін айтқан еді.

Сонымен қоса видео авторы мүсіннің «басына» тақия орнату арқылы «Қызыл империяның» көсемі қазақтың бас ақынына айналып шыға келгенін және тұғырға «Абай Құнанбаев», деген жазу қойылғанын ашына жеткізген-ді. Бүгінде осыған қатысты әлеуметтік желіде қызу талқылау жүріп жатыр.

Ал жергілікті атқамінерлер «Қайта құру» дәуірі мен экономикалық дағдарыс кезеңдерінде ескерткішті күтіп, қарайтын адам табылмағандықтан, содан осындай сүреңсіз күйге түскенін алға тартуда. Әйтсе де желі қолданушылары әкім қаралардың бұл пікірімен келіспейтін сыңайлы.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.