{metadescription}
Пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті

Пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті

Жамбыл облысында жолаушылар пойызында саудагер әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Шу стансасында пойызда әйелді өлтірген күдіктіні ұстады.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.

«Шу стансасының жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірді деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, күдікті бұған дейін де сотталған және «параноидты шизофрения» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде