{metadescription}
Пойыз бен жүк көлігі соқтығысып қалды, мерт болғандар бар

Пойыз бен жүк көлігі соқтығысып қалды, мерт болғандар бар

Машинист жол үстінде тұрған жүк көлігін көрген кезде жедел тежегішті қосып үлгерген, бірақ қайғылы жағдайдан қашып құтылу мүмкін болмады.

Пойыздағы машинист пен жүк көлігіндегі техник қаза тапты, деп хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы Калузо коммунасында болған. Туриннен Ивреаға жол жүріп бара жатқан аймақтық пойыз жүк көлігімен соқтығысып қалды. Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болды.

Пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде локомотив пен екі вагон рельстен шығып кетті.

Көлік апаты салдарынан пойыздағы машинист пен жүк көлігіндегі техник көз жұмды, сондай-ақ 18 адам жарақат алды. Оларды тікұшақ көмегімен Туриндегі ауруханаға жеткізді.

Полиция қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.