{metadescription}
ВИДЕО: Ота жасап тұрып билеген хирург науқасты мүгедек етіп алды

ВИДЕО: Ота жасап тұрып билеген хирург науқасты мүгедек етіп алды

АҚШ-тың Джорджия штатында хирург Винделл Дэвис Боутте ота кезінде билеп, бір науқасты мүгедек қылған.

Ол хип-хоп стиліндегі әнді қойып, билеп жүріп жұмыс істеген. 55 жастағы әйел тұрмысқа шығар тойының алдында ішіндегі майды алғызу үшін жүгінген.

Ал ота барысында әйелдің жүрегі тоқтап қалады. Белгілі болғандай, хирург оған анестезия салу барысында қате жіберген.

Кабинетінде реанимацияға арналған құрал-жабдық болмағандықтан ол жедел жәрдем шақырған. Пациентті ауруханаға жеткізгенде оның миына зақым келген. Қазір ол тіпті сөйлей алмайды.

Қайғылы оқиғадан кейін әйелдің туыстары хирургты сотқа берген. Тергеу барысында Боуттенің басқа пациенттері де отадан зардап шеккендерін айтып шағымданнған.

Қазір хирург науқастарға өтемақысын төлеп, жұмысын жалғастырып істеп жүр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде