{metadescription}
Ғалымдар арықтауға көмектесетін «гаджет» ойлап тапты

Ғалымдар арықтауға көмектесетін «гаджет» ойлап тапты

Израиль ғалымдары арықтауға көмектесетін медициналық ерекше «гаджет» ойлап тапты.

Құрылғы адамның дәмді тағамның иісін сезу қабілетін жойып отырады.

Оның үлгісі және алғашқы сынамасы Венада өткен семіздік жөніндегі еуропалық конгресте таныстырылды.

«Біз адамның тәбетінде иіскеудің қаншалықты маңызды екенін үйрене бастадық. Бір жағынан біз жағымды және жағымсыз иістердің тәбетімізді ашып не басып тастауына әсер ететінін бәріміз білеміз. Мысал ретінде, иіскеуді басып тастау тәтті тағамнан бас тартуға әкелетінін көрсеттік», - деді Израильдің Петах-Тиква қаласында Хашарон ауруханасының маманы Дрор Дикер (Dror Dicker).

Дикер мен оның әріптестері артық салмақпен күресудің өте оңай жолын ұсынды. Израиль дәрігерлері семіздіктің бірнеше жолын талдай отырып, 50 жастан асқан адамдардың иіс сезу қабілеті нашарлай бастайтынын анықтады. Сондықтан да оларға тамақтың тағы бір порциясы жетпей тұрған сияқты болып көрінеді.

Олар осы идеяны тексеріп, силиконнан арнайы бірнеше тығын жасады. Ол ауа жібереді, бірақ иіс адамға оңай жетпейді. Кейін мамандар еріктілерден құралған алты дюжинаны (он екі адамнан құралған топты) тестілеуге алды. Олардың жартысына арықтауға көмектесетін өлшеуіш «тамшылар» беріп отырды.

Сараптаманың алдында адамдардың жейтін тамағының мөлшерін қарап алды және олардан тамағын 500 килокаларияға дейін азайтып отыруды сұрады. Ғалымдар әр апта сайын оларды жинап, май, инсулин және қандағы басқа да молекулаларды деңгейін өлшеп, артық салмақтан арылудағы жақсы өзгерістерді белгілеп алды.

Сараптаманың соңында тығындар артық салмақтан арылуға көмектескені белгілі болды және диетасын ауыстырғандардың салмағы сегіз пайызға азайған. Бұл бақылау тобындағылардан екі есе көп болды.

Сонымен қатар, қандағы инсулин концентрациясы, қан қысымы және тәтті тағамға деген тәбет те бәсеңдеген. Дикердің айтуынша, мұрынға арналған мұндай тығындар адам денсаулығына еш қаупі жоқ және алдағы айларда сатылымға шығады.

Дереккөз: Вaq.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.