{metadescription}
ФОТО: Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытай Гран Приінен тағы 2 медаль жеңіп алды

ФОТО: Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытай Гран Приінен тағы 2 медаль жеңіп алды

Хоххотта (Қытай) дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі басталды.

Әлемнің 46 елінен 361 дзюдошы 7 салмақ дәржесеніде бақтарын сынап жатыр, деп дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне хабарлайды.

Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақтағы балуандар, атап айтқанда, ерлер -60 кг, -66 кг, әйелдер -48 кг, – 52 кг, -57 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан ұлттық құрамасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, үш медаль қоржынға салды.

Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жеңіліссіз 3 кездесу өткізді. Ол алғашқы белдесуінде Солтүстік Кореялық Пае Донг Жонгпен кездесіп иппонмен жеңсе, екінші белдесуінде моңғолиялық Ганбад Болдбаатарды, жартылай финалда Амартувшин Дашдавааны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған еді.

66 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Елдос Жұмақанов ел қоржынына бір қола медалін салды. Ол 5 кездесу өткізіп, тек біреуінде, жартылай финалдық жолдама үшін күресте германиялық Себастян Сейдлге есе жіберді. Ал жұбаныш финалында Абдулла Абдужалиловты вазари ұпайымен жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстанмедаль кестесінде 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен 2 орында тұр. Әлемдік Гран При кезеңі 27 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, осы сайыста ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов алтын алған.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде